vivo产品页
Дизайн
Өнімділігі
24 өлшемді қауіпсіздік қорғанысы
Ақылды зарядтау қозғалтқышы
Тиімділіктің жаңа белесі
Жүйе үдеткіші бар MediaTek Helio G99 қатаң талаптарды орындауға қажетті күш береді. Қуатты аз тұтына отырып, жылдам әрі тұрақты өнімділіктің рақатын көріңіз.
Құпиялылық бұл маңызды
Құпиялылықтың бақылау тақтасы, Қолданба экранын бекіту, Болжалды локация, Жасырын альбом, Құпиялылық көрсеткіші және «Бұғатталған телефонды өшіру үшін бұғаттан шығарыңыз» сынды мүмкіндіктер көмегімен қорғау үшін жасалған.
Енді бәрін бір сәтте орындаңыз
NFC тұрғанда қолға артық затты алудың қажеті жоқ, енді барлығы смартфоныңызда болады.

Ескерту мәтіні:

  • Фотохромды әйнек Алтын күн шығарылымында ғана бар.
  • Телефон өлшемі мен салмағы технологиялық процеске, материалды жеткізушіге, өлшеу әдісіне және т.б. байланысты аздап өзгеруі мүмкін.
  • 64 Мп OIS аса сезімтал камерасы жоғары ажыратымдылық режимінде 64 Мп суреттер түсіруге мүмкіндік береді, ал түсіру режимдерінің басқаларында пиксельдер өзгеше болуы мүмкін. Нақты пиксельдерді стандарт ретінде қабылдаңыз.
  • V25e стандартты vivo зарядтағышымен (жылдам зарядтайтын адаптер, 11 В / 4 А) жабдықталған, ол 44 Вт-қа дейінгі зарядтау қуатын тұтынады. Нақты зарядтау қуаты қоршаған орта жағдайына және құрылғының қалай қолданылатынына байланысты динамикалық түрде өзгеріп отырады.
  • Зарядтау туралы деректер vivo зертханалық сынақ ортасынан алынған. Сынақ ортасы: қоршаған орта мен телефон температурасы – 25°C±1°C. Сынақ шарттары: батарея заряды – 1%, ұшақ режимінде, экранды өшіріп, ресми стандартты зарядтағыш және деректер кабелін қолдану. Нақты деректер сынақ ортасына, зарядтау жағдайына, телефонның бастапқы температурасына, батареяның жалпы тозуына және басқа факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
  • Сыртқы жадты қолдауына арналған Micro SD картасы бөлек сатып алынады.
  • 4D Ойын вибрациясы қазіргі уақытта бейімделген ойындардың кейбірінде ғана бар.
  • Операциялық жүйе мен алдын ала орнатылған қолданбалар орын алатындықтан, нақты RAM/ROM азырақ болады.
  • Басқа компания шығарған экран қорғағышы саусақ ізін тануға әсер етуі мүмкін. Саусақ ізі сенсорына арнап жасалған vivo ресми экран қорғағышын қолдануға тырысыңыз.
  • Өнім суреттері мен әсерлері тек таныстыру мақсатында берілген. Дисплей экранында көрсетілген суреттер ойдан құрастырылған және таныстыру мақсатында ғана берілген. Өнімнің кейбір сипаттамалары, параметрлері мен бөлшектері жеткізушінің өзгеруі немесе өндірістік партиялардың әр түрлі болуына байланысты өзгеруі мүмкін. Үлгі ретінде нақты өнімдерді алып қараңыз.
  • Ақпараттың барлығы біздің техникалық дизайн параметрлеріне, зертханалық сынақ нәтижелеріне және жеткізушінің сынақ деректеріне негізделген. Кейбір деректер шектік өнімділік деректері болуы мүмкін. Нақты деректер мен параметрлер нақты сынақ ортасына және сынақ жүргізетін бағдарламалық құралға байланысты өзгеруі мүмкін. Осы беттегі салыстырулардың барлығы тек vivo өнімдеріне қатысты.