• 5000 мА сағ батарея

  • 5000 мА сағ батарея

  • Бүйірлік саусақ ізі сканері

  • AI үштік макрокамерасы

  • 4 ГБ + 64 ГБ

Көзді қорғайтын 6,51 дюймдік Halo FullView дисплейі

6,51 дюймдік Halo FullView Display функциясында кеңейтілген 20:9 аралық қатынасы және HD+ (1600 x 720) ажыратымдылығы бар. Көрініс бұрынғыға қарағанда үлкенірек және иммерсивті әсер береді, In-cell технологиясы пайдаланылған және дисплейдің түстері толықтырылған. Бөлшектер өте таза көрсетіледі, ойын ойнауға және бейне көруге тамаша жағдай жасалған. «Көзді қорғау» режимі күні бойы көз жанарыңызды қорғау мақсатымен зиянды көк жарықты сүзгіден өткізеді.

2.Көздің жауын алатын 5D түстер

Жылтыратылған 2.5D корпусы жеңіл әрі қолға ұстауға ыңғайлы. Көздің жауын алатын жаңа түстер оның жасалу ерекшелігін толықтыра түседі.

Қара көмір:

Вулкандық шыныдан шабыт алған реңк маржан сияқты ғажап әрі сырлы көрініс сыйлайды.

Көк аспан:

Тұңғиық ғаламнан шабыт алған көк және күлгін түстегі еңісті дизайн белгісіздіктің құпиясын ашуға ұмтылдырады.

Бүйірлік саусақ ізі сканері

Бүйірлік саусақ ізі сканерімен телефонның құлпын бар-жоғы 0,22 секундта ашыңыз. Бұл жаңа дизайн телефонның күнделікті қолданысына бейімделеді, яғни құлыпты ашуды жылдам әрі интуитивті түсінікті етеді. Сонымен қатар Face Wake технологиясы телефонның құлпын жылдам ашуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті ұсынады.

*Барлық модельде бүйірлік саусақ ізі сканері және бетті тану функциясы бар.
*бүйірлік саусақ ізі сканері арқылы ашу уақыты – 0,22 сек, экран қосулы болғанда – 0,22 сек, сканер өшірулі кезде – 0,37 сек . Нақты өнімділігі нақты қоршаған ортаға байланысты өзгеруі мүмкін.
Qualcomm Snapdragon процессоры + 64 ROM

Qualcomm Snapdragon процессоры және 64 ГБ орынмен Y20 моделі түрлі ойындарды оңайлықпен қоса алады. Сонымен қатар барлық ұнаған қолданбаларды орнатып, пайдалана аласыз. Үш карта ұяшығы арқылы жадты 256 ГБ-қа дейін арттырып, ұнатқан музыкаңызды, фильмдеріңізді, фотосуреттеріңізді сақтай бересіз.

*Жадты 256 ГБ-қа дейін арттыруға болады. Micro SD картасы бөлек сатып алынады.
  • 4 ГБ

    RAM

  • 64 ГБ

    ROM

5000 мА сағ батарея
5000 мА сағ батарея

5000 мА сағ (TYP) мүмкіндігі бар батарея қуатқа қатысты мәселені ойланбастан шешеді. AI (жасанды интеллект) қуат үнемдеу технологиясы арқылы бір рет толтырып зарядтау HD фильмді онлайн 16 сағатқа дейін көруге немесе қарқынды түрде ресурс талап ететін ойындарды 11 сағат үздіксіз ойнауға мүмкіндік береді. Кері зарядтау функциясы сіз үйден тыс болған кезде де басқа құрылғыларды да зарядтауға мүмкіндік береді.

*Кері зарядтау функциясы үшін OTG кабелі бөлек сатып алынуы қажет.
*Батареяның стандартты мүмкіндігі – 5000 мА сағ, ал номиналды мүмкіндігі – 4910 мА сағ.
AI үштік макрокамерасы

Y20 құрылғысының AI үш макрокамерасына Face Beauty, Portrait Light Effects және Selfie Filters функцияларын қоса көптеген функцияларға қолдау көрсетеді. Көз алдыңыздағы нәрселерді шебер суретке түсіру үшін перспективаны қосуыңызға болады. Негізгі 13 Мп артқы камерасымен, f/2.2 үлкен апертурамен және PDAF технологиясының көмегімен барлық бөлшек жарқырап көретін болады.

  • 13MP

    Main Camera

  • f/2.2

    Large Aperture

13MP
Main Camera
2MP
Боке камерасы
2MP
Супер макрокамера
Боке камерасы

Боке алгоритмінің арқасында 2 Мп боке камерасы айқын және тамаша нәтижелердің шығуын қамтамасыз етеді. Енді портреттер шынайы әрі тұңғиық болып, журналдың мұқабасындай көрініске ие болады.

ON
OFF
Супер макрокамера

4 см ге жуықтайтын фокустаудың арқасында ғажайыпқа толы кішкентай әлемдерді өзіңіз үшін ашыңыз.

ON
OFF
Multi-Turbo 3.0

Multi-Turbo 3.0 режимі жүйенің барлық негізгі деңгейінде жұмыс істейтін Center Turbo және алдын ала жүйенің ауытқушылығын (көбінесе үшінші тарап қолданбалары салдарынан болатын) болжайтын AI Turbo режимін қамтиды. Жақсы желі байланысынан бастап жылдам суытуға, ЖИ функцияларының қалыпты жұмысына және ойын ойнауға дейінгі пайдаланушы тәжірибесі енді таңғаларлықтай деңгейге жетті.

Ультра ойын режимі

Ультра ойын режимінде әрбір ойын күніне кәсіби қарқындылық әкелетін су жаңа Esports режимі ұсынылған.

4D Game Vibration 2.0 режимі қалқымалы терезені оңтайландыру арқылы сізді шынайы шайқас алаңына өткізеді. Ол режим сіздің жеңіске жетуіңізді көздей отырып, кедергі болатын дабылдарды және кіріс қоңырауларын өшіреді.

Жаңадан енгізілген «Ойын альбомы» және «Экран жазу» функцияларын сырғымалы бүйірлік тақтаны бір рет қана түртіп, іске қосуға болады. Сіздің барлық экран жазбаларыңыз бен суреттеріңіз автоматты түрде ойын альбомында сақталатын болады.

Смарт кері санақ функциясы сіздің аватарыңыздың қайта өмірге келгенге дейінгі уақытын есептеп, сізге тез арада ойынды тексеруге және әлеуметтік желідегі жаңартуларды және т.б. қарауға мүмкіндік береді. Қалқымалы терезеде кері санақ көрсетіледі, ойынға қайта оралу үшін бір түрту жеткілікті.

Funtouch OS 10.5
Динамикалық әсерлер

Жаңа функция экран анимациясының параметрлерін өзгерту көптеген опциялар ұсынады. Бұл функцияны телефонды құлыптан босатқанда, бет-әлпетіңізді танығанда және т.б. жағдайларда қолдануға болады.

EasyShare Instant Phone Clone

Барлық деректі тасымалдау мәселесінің жаңа телефон алуға кедергі болуына жол бермеңіз. EasyShare арқылы бір рет түртіп, тапсырманы оңайлатуға және барлық деректі жаңа Y20 құрылғысына тасымалдауға болады. Телефонды ауыстыратын уақыт келді.

iManager Your Mobile Butler

iManager vivo пайдаланушыларын күнде қайталанатын бірсыдырғы тапсырмалардан босатады. Оны телефонды тазарту немесе ақауларды іздеу сияқты тапсырмалар орындауға бағыттап қойыңыз. iManager сіз түнгі ұйқыда болған кезде де, телефоныңызды белсенді пайдалануға дайындап қояды.

Құқықтық мәлімет:

  • 1. Толық тіктөртбұрыштың диагоналі бойынша өлшегенде экран өлшемі 6,51 дюймді құрайды. Нақты дисплей аумағы кішірек болады.
  • 2. Өнімнің көрсетілген суреттері мен ерекшеліктері тек анықтама үшін берілген, экрандағы сурет жасанды және тек көрсету үшін берілген. Стандартты өнімдерді пайдаланыңыз.
  • 3. Барлық дерек біздің техникалық дизайн параметрлері, зертханалық сынақ нәтижелері және жеткізушінің сынақ деректері негізінде алынған. Нақты өнімділік бағдарламалық құралдың нұсқасы, арнайы сынақ ортасы мен телефон моделіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Осы бетте көрсетілген барлық салыстырулар тек vivo өнімдеріне қатысты.
  • 4. Өнімнің кейбір ерекшеліктері, параметрлері не бөліктері жеткізушінің өзгеруіне немесе өнім сериясына байланысты әр түрлі болуы мүмкін, vivo осы беттегі сипаттамаларды алдын ала ескертпестен өзгерте алады. Пайдаланбастан бұрын осы бетті мұқият оқып шығыңыз.
  • 5. Пиксел мәні түрлі камера режимдеріне қарай өзгеруі мүмкін және нақты түрде пайдаланылуы керек.
  • 6. Онлайн ойын уақыты: Қуаты толық, 4G желі байланысына қосылған, 150 cd/м² экран жарықтығы және 63 дБ(A) дауыс деңгейінде, Y20i/Y20/Y20s модельдері 11 сағатқа дейін үздіксіз әдепкі параметрлермен PUBG ойынын ойнай аласыз. Нақты ойын уақыты ерекше жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін.
  • 7. Онлайн бейне трансляция уақыты: Толық зарядта, 4G желі байланысына қосылған, 150 cd/м² экран жарықтығында және 63 дБ(A) дауыс деңгейінде, Y20i/Y20/Y20s модельдері 16 сағатқа дейін YouTube арқылы үздіксіз видео көрсете алады. Нақты трансляция уақыты ерекше жағдайларға байланысты өзгеруі болуы мүмкін.