2.5D трендке сай дизайн

4 ГБ + 4 ГБ кеңейтілген RAM

5000 мАсағ ауқымды батарея

6,51'' HD+ көзді қорғау экраны

АУҚЫМДЫ КАМЕРА

Қарапайым дизайн,
мінсіз жұмыс

Дизайндағы талғам мен қарапайымдылықты ұштастырып, заманауи әдістердің классикалық дизайн элементтерімен тоғысқан тұсы.

СӘНДІ ТҮС

Табиғаттың
жасампаз түсі

Көк орхидея

Аралас көкшіл-күлгін реңктері бар наноматериалды бүріккішпен қаптаудың жаңа процесі сізді таң қалдырып, сергектік сыйлайды.

Ғарыштық сұр

Саусақ ізі қалмайтын жеңіл күңгірт құрылымымен және тегіс бетімен таң қалдырады. Түсі сізге тыныштық пен байсалдылық сыйлайды.

ЖҰҚА КОРПУС

Неғұрлым жұқа – соғұрлым керемет

Қалыңдығы – небәрі 8,49 мм, 2.5D жұқа корпусы мен тегіс жақтауы бар. Ұстауға ыңғайлы және трендтегі дизайнымен стильді көрінеді.

Fill 1 Created with Sketch.

Күңгірт түспен әрленген

2 Created with Sketch.

Сызаттарға төзімді

3 Created with Sketch.

Саусақ іздері қалмайды

4 ГБ RAM + 4 ГБ КЕҢЕЙТІЛГЕН RAM

Еш кедергісіз жылдам жұмыс істейсіз

Y02t (4ГБ + 64 ГБ/128 ГБ) 4 ГБ RAM1 жадымен және жасырын қосымша жадпен жабдықталған. Бір қолданбадан екінші қолданбаға оңай ауысу үшін бос тұрған ROM жадының бір бөлігін кеңейтілген RAM ретінде қолдануға болады. 4 ГБ-қа дейін кеңейтілген RAM2 жадына қолдау көрсетіледі. Сүйікті қолданбаларыңызды жүктеп алып, оларды кідіріссіз іске қосыңыз.

АУҚЫМДЫ БАТАРЕЯ

Үздіксіз қуат, шексіз сауық

18 сағат

HD видеоны онлайн көру

5000 мАсағ (TYP) батареяның арқасында батарея қуаты бітіп қалады деп қорықпауға болады. Қызып кетуден қорғау функциясы зарядтау қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 5 В/1 А кері зарядтау функциясы басқа да электрондық құрылғыларға жарамды, ол телефоныңызды мобильді зарядтағышқа айналдырады3.

5000 мАсағ (TYP) батареяның арқасында батарея қуаты бітіп қалады деп қорықпауға болады. Қызып кетуден қорғау функциясы зарядтау қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 5 В/1 А кері зарядтау функциясы басқа да электрондық құрылғыларға жарамды, ол телефоныңызды мобильді зарядтағышқа айналдырады3.

18 сағат

HD видеоны онлайн көру

АУҚЫМДЫ ЭКРАН

Еркін ойнауға арналған толық дисплей

Y02t ажыратымдылығы HD+ (1600 × 720) 6,51 дюймдік FullView™ дисплейінің арқасында кең, шынайы көрініс пен айқын кескіндер ұсына алады. Көз шаршайды деп алаңдамаңыз, себебі телефон экран жарықтығын автоматты түрде реттеп, көк жарықты сүзе алады.4

Y02t ажыратымдылығы HD+ (1600 × 720) 6,51 дюймдік FullView™ дисплейінің арқасында кең, шынайы көрініс пен айқын кескіндер ұсына алады. Көз шаршайды деп алаңдамаңыз, себебі телефон экран жарықтығын автоматты түрде реттеп, көк жарықты сүзе алады.4

8 MП НЕГІЗГІ КАМЕРА

Фотосурет шебері болыңыз

Бетті әрлеу және Таймлапс функцияларының көмегімен қоршаған ортаның қандай болғанына қарамастан, қалағаныңызша суретке түсіріңіз.5

Боке режимі

Фокусты сұлулығыңызға аударыңыз

Боке алгоритмінің көмегімен суреттеріңізді мәнерлі етіңіз.

ҰЗАҚҚА ЖЕТЕТІН ҚУАТ

Қолдануға оңай

Телефоныңыз сапаны тексеретін ауыр сынақтардан өтті және оған сызат түспейтіні, құлап кеткенде сынбайтыны және қолайсыз ауа райына төтеп бере алатыны дәлелденді.

1 Created with Sketch.

Күнделікті сызаттарға төзімді

3 Created with Sketch.

Құлату сынақтары

32 000 рет

2 Created with Sketch.

Экстремалды орта сынақтары

-20℃ – 50℃

(телефон пайдаланылғанда)

-40℃ – 75℃

(телефон қоймада сақтаулы болғанда)

5 Created with Sketch.

USB портына жасалған сынақтар

10 000 рет

алып-салу

2 Created with Sketch.

Экстремалды орта сынақтары

-20℃ – 50℃

(телефон пайдаланылғанда)

-40℃ – 75℃

(телефон қоймада сақтаулы болғанда)

4 Created with Sketch.

Гарнитура портына жасалған сынақтар

6 000 рет

алып-салу

Оңай бөлісіп, жеңіл өмір сүріңіз

Телефонды мобильдік интернетсіз, оңай клондауға болады.

Телефонды мобильдік интернетсіз, оңай клондауға болады.

Бет әлпетімен ояту

Қажет кезде телефонның құлпын оп-оңай ашыңыз.

Қажет кезде телефонның құлпын оп-оңай ашыңыз.

iManager

iManager қажет емес файлдарды тазартып, қауіпсіздікті үнемі тексеріп отыратындықтан, телефон әрқашан еш кедергісіз жұмыс істейді.

iManager қажет емес файлдарды тазартып, қауіпсіздікті үнемі тексеріп отыратындықтан, телефон әрқашан еш кедергісіз жұмыс істейді.

Disclaimers

  • Операциялық жүйе мен алдын ала орнатылған қолданбалар орын алатындықтан, нақты ROM азырақ болады.
  • 4 ГБ кеңейтілген RAM бағдарламалық құрал арқылы іске қосылады. Бұл нақты сақтау орнынан өзгеше.
  • Батареяның нақты қызмет ету мерзімі желілік ортаға, қолданылатын функциялар мен қолданбаларға, қоңыраулар мен хабарлардың жиілігіне, зарядтау циклдерінің санына және басқа да көптеген факторға байланысты өзгеріп отырады.
    Онлайн режимде видео көру уақыты: Толық зарядталып тұрса, Wi-Fi желісі арқылы 150 кд/м² экран жарықтығында және 63 дБ (A) дыбыс деңгейінде Y02t телефонымен YouTube видеоларын 18 сағат үзбей көруге болады. Нақты көру уақыты түрлі жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін.
    Батареяның әдеттегі сыйымдылығы – 5000 мАсағ, ал номиналды батарея сыйымдылығы – 4910 мАсағ.
    Басқаларды зарядтау функциясына OTG кабелі керек, оны бөлек сатып ала аласыз.
    Оны пайдаланбас бұрын, «Параметрлер» бөліміне кіріп, OTG функциясының қосылғанына көз жеткізіңіз.
  • Көк түсті сүзу функциясы жұмыс істеуі үшін, «Көзді қорғау режимі» қосылып тұруы тиіс.
  • Қолдау көрсетілетін бетті әсемдеу мүмкіндіктері: жылтырату, тері өңін тегістеу және ағарту.
  • Экранның диагоналі бойынша өлшемі – 6,51 дюйм. Нақты дисплей ауданы біраз кішірек болуы мүмкін.
  • Өнім суреттері мен функциялары тек көрнекі материал ретінде берілген, дисплей экранында көрсетілген сурет ойдан құрастырылған және тек таныстыру мақсатында берілген. Үлгі ретінде нақты өнімдерді алып қараңыз.
  • Деректердің барлығы техникалық дизайн параметрлеріне, зертханалық сынақ нәтижелеріне және жеткізушінің сынақ деректеріне негізделеді. Құрылғының іс жүзіндегі жұмыс өнімділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, белгілі бір сынақ ортасына және телефон үлгісіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Бұл бетте көрсетілген салыстырмалардың барлығы тек vivo өнімдеріне қатысты айтылған.
  • Жеткізуші өзгерісі немесе басқа өнім топтамаларына байланысты кейбір сипаттамалар, параметрлер немесе өнім бөліктері өзгеріп отыратындықтан, vivo алдын ала ескертпестен осы беттегі сипаттамаларды өзгертуі мүмкін. Пайдаланбас бұрын осы бетті мұқият оқып шығыңыз.
  • Пиксель мәні камераның түрлі режимдеріне және іс жүзіндегі қолданылуына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.