• 6,22 дюймдік Halo
    FullView™ дисплейі
  • 4030 мА сағ батарея
  • Android™ 10
Halo FullView™ дисплейі

Y1s смартфоны корпустың 88,6%-ын алатын 6,22 дюймдік Halo FullView™ дисплейімен жабдықталған, бұл бейнелер көру және ойындар ойнау кезінде тамаша көріністі қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ол көзді шаршатпау үшін зиянды көк түсті сүзгіден өткізеді.

  • 6,22 дюймдік

    Halo FullView™ дисплейі

  • 88,6%-ын

    Screen-to-body Ratio

Жіңішке корпус

Корпусының үш өлшемді әдемі иілімдерінің арқасында Y1s смартфоны алақаныңызға мінсіз орнығып, ыңғайлы ұсталады. Салмағы небәрі 161 г және корпусының қалыңдығы 8,28 мм жіңішке құрылғыны бір қолыңызбен оп-оңай басқарасыз.

  • 161г

    Weight

  • 8.28мм

    Thickness

Түс градиенттері
Тылсым табиғаттың
Тылсым табиғаттың әсемдігіне таңдануға дайындалыңыз. Көк реңк ұшы-қиырсыз теңізде еріп жатқан мұздықтардың көмескі сұлбасындай. Ақ, көк және күлгін түстердің нәзік үйлесімі жайбарақат әрі құпия ортаны қалыптастырады. Корпусының иілімдері біркелкі, үш өлшемді жіңішке смартфон сәнді көрінумен қатар, қолға ыңғайлы ұсталады.
Түс градиенттері
Қара зәйтүн
Қара зәйтүн түсі ну ормандарды елестетеді. Жаңа айшықтау процесі мен бірегей түстерді араластыру техникасының арқасында қара түс пен қою көгілдір түс сәтті үйлесіп, еліктірер визуалды әсер береді.
Сұлулық режимі
vivo ұсынған бірегей сұлулық функциясының арнайы шешімдері арқылы теріңіздің өңі мен текстурасын жақсарта аласыз. Осылайша табиғи әдемілігіңізді аша түсіңіз.
4030 мА сағ батарея
Бірегей әрі ұтқыр қуат тұтыну жүйесі қарастырылған, сыйымдылығы 4030 мА сағ аккумулятор Y1s смартфоны сіз ойлағаннан ұзағырақ жұмыс істеп, ойындар мен бейнелердің қызығына кенелтеді. Енді телефоныңыздың қуаты таусылады деп алаңдамайсыз.
32 ГБ тұрақты жад
32 ГБ тұрақты ішкі жад көбірек фотосуреттерді, файлдар мен қолданбаларды сақтауға мүмкіндік береді. Қосымша SD картасының көмегімен смартфон жадын 256 ГБ дейін кеңейту арқылы әлеміңізді қызықты нәрселермен байыта түсіңіз.

*Қосымша жад қосуға арналған micro SD картасын жеке сатып алу қажет.

*Операциялық жүйе мен алдын ала орнатылған қолданбалардың сақталуына байланысты, іс жүзінде қолжетімді тұрақты жад көлемі 32 ГБ-дан кем.

Бетті тану функциясы
vivo ұсынған Y1s смартфонындағы бетті тану функциясымен бетіңізді экранға қарату арқылы телефоныңызды құлыптан шығара аласыз. Мұндай интеллектуалды шешімнің көмегімен телефоныңызға қол жеткізу бұрынғыдан да оңайырақ.
Fingerprint Unlocking
Unlocking your phone is now smooth and convenient with the rear fingerprint scanner. Simplify mobile access with security you can trust.
Динамикалық әсерлер
Жаңа функция экран анимациясының параметрлерін өзгерту көптеген опциялар ұсынады. Бұл функцияны телефонды құлыптан босатқанда, бет-әлпетіңізді танығанда және т.б. жағдайларда қолдануға болады.
Күңгірт режим
Кеш батқанда құрылғының жұмыс уақытын ұзарту және жаныңызға жайлы көрініске ие болу мақсатымен күңгірт режимін іске қосыңыз.

Құқықтық мәлімет:

  • 1. Жақсырақ кескін сапасына қол жеткізу және пайдаланушыға ыңғайлы болуы үшін әртүрлі режимдерде фотосуреттердің пиксельдер саны әртүрлі болады.
  • 2. Бұйымның суреттері тек танысу үшін берілген, дисплейдегі кескіндер түрлендірілген және көрнекілік мақсатында ғана көрсетілген. Стандартты өнімдерді пайдаланыңыз.
  • 3. Барлық дерек біздің техникалық дизайн параметрлері, зертханалық сынақ нәтижелері және жеткізушінің сынақ деректері негізінде алынған. Нақты өнімділік бағдарламалық құралдың нұсқасы, арнайы сынақ ортасы мен телефон моделіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Осы бетте көрсетілген барлық салыстырулар тек vivo өнімдеріне қатысты.
  • 4. vivo компаниясы осы техникалық деректер мен сипаттамаларға, сондай-ақ сипатталған бұйымға алдын ала хабарламастан өзгерту енгізуге құқылы.
  • 5. Экранның диагоналі бойынша өлшемі толық тікбұрыш бойымен алғанда 6,22 дюйм, ал сүйірленген бұрыштардың бойымен алғанда 6,02 дюйм. Нақты дисплей аумағы кішірек болады.
  • 6. Google, Android Google Play and other marks are trademarks of Google LLC.