

6,51 дюймдік Halo FullView™ дисплейі
Көзді қорғау режимі
Y15s смартфонында HD+ (1600×720) форматындағы 6,51 дюймдік Halo FullView™ дисплейі орнатылған, соның арқасында видеоларды да, ойындарды да кең әрі еліктіріп әкетер көрініспен тамашалай аласыз.
Дисплейдің жарықтығы қоршаған орта жағдайларына автоматты түрде реттеледі және қосымша Көзді қорғау режимі зиянды көк түсті жарыққа сүзгі қолданады. Көзіңізді ауыртпайды және көріп жатқан нәрселерді ең жақсы кейіпте көрсетеді.5
3D өлшемінде артқы қақпағы бар 8,28 мм-лік жұқа телефонға 5000 мАсағ (типтік) үлкен батарея сыйып кеткен. Бұл – қолыңызға ыңғайлы жата кететін жеп-жеңіл технология туындысы.*Артқы линзаның қалыңдығы есепке алынбады
Жасанды интеллекті бар қос камераның көмегімен күнделікті өмірде неше түрлі функциялармен суретке және видеоға түсіруге болады, мысалы: панорама, портрет режимі, тікелей фотосурет функциялары, уақыт аралығы, кәсіби режим және құжат режимі.
13 МП-дік артқы негізгі камера мен f/2.2 үлкен апертурасының арқасында, әрбір деталь жарқырап көрініп тұрады.