Осы Cookie файлдарына қатысты саясатта No.1, vivo Road, Chang'an, Dongguan, Guangdong, China мекенжайында тіркелген «vivo Mobile Communication Co., Ltd.» компаниясы (бұдан әрі «біз» деп аталады) иеленетін немесе басқаратын веб-сайтқа байланысты пайдаланыла алатын түрлі cookie файлдары және ұқсас технологиялар сипатталған. Осы Саясатта cookie файлдарын және ұқсас технологияларды басқару жолдары сипатталған.
1. Cookie файлдары және ұқсас технологиялар деген не?
Cookie файлы — веб-сайтқа кірген кезіңізде сол веб-сайт компьютерге немесе мобильді құрылғыға сақтайтын шағын мәтіндік файл. Cookie файлдары веб-сайттарымызды пайдалануды сізге ыңғайлы етіп реттеуімізге, белгілі уақыт бойы қалаулы параметрлеріңізді есте сақтауымызға және жарнамалар мен интернетте іздеудің тиімділігін арттыруымызға көмектеседі. Cookie файлы пайдаланылған құрылғыға қатысты ақпаратты ғана сақтайды. Алайда, ол кім екеніңізді анықтайтын ақпаратты жинамайды. Cookie файлының құрамын оны жасаған сервер ғана шығарып, оқи алады.
Cookie файлдарын қосу мақсатында пикселдер сияқты cookie-файлдарға ұқсас басқа технологияларды пайдалана аламыз. Веб-сайтымыздағы пикселдер веб-сайтты пайдалану туралы ақпаратты серверлерімізге немесе/және үшінші тараптардың серверлеріне жеткізеді, бірақ cookie файлы сияқты ақпаратты пайдаланушылардың браузерлерінде сақтамайды. Бұл пикселдер cookie файлдарымен бірдей жіктеледі және басқарылады.
Жеке тұлғаны cookie файлдары немесе ұқсас технологиялар арқылы тікелей анықтау, байланыстыру немесе нақты табу үшін өз бетімен пайдаланыла алатын ақпаратты (мысалы, аты-жөндер, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары, GPS координаттар немесе басқа нақты орындар, т.б.) жинамауға бар күшімізді саламыз. Дегенмен, әдетте түпкі пайдаланушының бүркеншік идентификаторларын (мысалы, бүркеншік cookie файлы идентификаторлары, бүркеншік жарнама идентификаторлары, т.б.), IP мекенжайларын және құрылғылар/браузерлер туралы басқа негізгі ақпаратты жинауымыз керек.
Веб-сайтымызға алғаш кірген кезіңізде, cookie файлдары туралы баннер көрсетілетінін және сізге осы Cookie файлдарына қатысты саясат ұсынылатынын ескеріңіз. Веб-сайтты пайдалануды жалғастырсаңыз, осы Cookie файлдарына қатысты саясатқа сәйкес деректеріңізді өңдеу үшін cookie файлдарын пайдаланатынымызды оқып шыққан және соған келіскен болып есептелесіз.
2. Cookie файлдары: түрлері, санаттары және пайдалану мақсаттары
2.1 Түрлері
Cookie файлдарын төмендегідей екі түрге бөлеміз:
a) Негізгі cookie файлдары
Негізгі cookie файлдары ішкі және тікелей cookie файлдарына («Тұрақты cookie файлдары» деп те аталады) жатады және көбінесе веб-сайт немесе веб-сайттағы функциялар оңтайлы жұмыс істеуі үшін маңызды. Сонымен қатар, сайттан шыққан соң қалаған тіл және таңдаулы дүкен сияқты жеке параметрлеріңізді есте сақтау үшін керек. Осы cookie файлдарын сіз кірген веб-сайт орнатады және сол веб-сайт қана оқи алады.
b) Үшінші тарап Cookie файлдары
Үшінші тараптардың cookie файлдары бөгде тараптардың қадағалайтын немесе ретаргетинг жасайтын cookie файлдары болып табылады, сондықтан әдетте жарнама ұсынуға немесе веб-парақтарды қарау әрекеттері туралы ақпаратты жинауға арналған тікелей емес cookie файлдары болып келеді. Веб-сайтымыз мұндай бөгде қызметтерді пайдалануы мүмкін. Мысалы, кей парақтарымызда YouTube, Google және Twitter сияқты бөгде провайдерлердің контенті көрсетіледі.
2.2 Санаттар және пайдалану мақсаттары
Cookie файлдарын мақсаттарына қарай төрт санатқа бөлуге болады:
a) Аса қажетті cookie файлдары
Бұлар веб-сайтымыз бен басқа ұсынылатын қызметтер істеуі үшін қажетті cookie файлдары болып табылады. Мысалы, оларға веб-сайтымыздың қорғалған аумақтарына кіруіңізге мүмкіндік беретін cookie файлдары жатады. Осы cookie файлдары жоқ болса, шопинг себеті немесе веб-сайт туралы ақпаратты көрсету сияқты қызметтерімізді ұсына алмаймыз.
b) Функционалдық cookie файлдары
Бұл cookie файлдары сізді веб-сайтымызға қайтып келгенде және басқа қызмет ұсыныстарымызға кіргенде тану үшін пайдаланылады. Мысалы, сізге аймағыңызға бейімделіп, аударылған веб-сайтты көрсету үшін сіздің географиялық орныңызды cookie файлында сақтауымыз мүмкін. Бұл контентімізді сізге бейімдеуге, аты-жөніңізді атап сізге сәлем беруге және қалаулы параметрлеріңізді есте сақтауға мүмкіндік береді.
c) Аналитикалық/эксплуатациялық cookie файлдары
Осы cookieыфайлдары келушілерді және келуші дереккөздерін тануымызға және олардың санын білуімізге, келушілердің веб-сайтымыз бен басқа қызметтік ұсыныстарымызды шарлау жолын қарауымызға мүмкіндік береді. Мысалы, веб-сайтымыз бен басқа қызметтік ұсыныстарымыздың жұмыс істеу жолын жақсарта алуымыз үшін ең жиі кіретін парақтарыңызды қараймыз. Осындай мақсатқа жету үшін Google Analytics («GA»), Contentsquare («CS») және ұқсас аналитикалық/эксплуатациялық cookie файлдарын шектеусіз пайдаланамыз.
Google компаниясы мәлімдегендей, GA cookie файлдары жасайтын ақпарат әдетте Google серверлерінде сақталады және IP мекенжайыңызды Google алдын ала қысқартады. Ерекше жағдайларда ғана толық IP мекенжайыңыз Google серверлеріне жіберіледі және сол жерде қысқартылады. Google біздің атымыздан бұл ақпаратты веб-сайт қызметі туралы есептерді құрастыру және веб-сайт қызметі мен интернетті пайдалануға қатысты басқа қызметтерді ұсыну үшін пайдаланады. «Google Analytics» қызметінің бір бөлігі ретінде браузеріңізден жіберілген IP мекенжайы Google иелігіндегі басқа деректермен байланыстырылмайды. Қосымша ақпаратты https://support.google.com/analytics/#topic=1008008 веб-парағындағы GA анықтамалық орталығына кіріп қараңыз.
CS cookie файлдары жасайтын ақпарат ЕЭА шеңберіндегі CS серверлерінде сақталады. Қосымша ақпаратты https://contentsquare.com/services-privacy-policy/ веб-парағындағы Contentsquare қызметтерінің құпиялылық саясатына кіріп қараңыз.
Аналитикалық/эксплуатациялық cookie файлдарының сақталу мерзімі әдетте cookie файлының жеке мақсатына байланысты веб-парақтарды шолып қарау ұзақтығынан 13 айға дейінгі аралықты құрайды.
d) Бағыттайтын cookie файлдары
Осы cookie файлдары веб-сайтымызға және басқа қызметтік ұсыныстарымызға кіруіңізді, кірген парақтарыңыз бен өткен сілтемелеріңізді жазады. Бұл ақпаратты пайдаланып веб-сайтымызды, басқа қызметтік ұсыныстарымызды және онда көрсетілетін жарнаманы (бар болса) сіздің қызығушылықтарыңызға барынша сәйкестендіреміз. Бұл ақпаратты осы мақсатта үшінші тараптармен бөлісуіміз де мүмкін.
e) Басқа cookie файлдары
Бұл cookie файлдары үшінші тараптардан келген және маңызды болып табылмайды.
3. Cookie файлдарын басқару - Браузер параметрлері
Браузерлердің көбі cookie файлдарын автоматты түрде қабылдайды. Дегенмен, қазіргі заманғы браузерлердің көбі cookie файлдарын қалауларыңызға сай басқаруға мүмкіндік береді (cookie файлдарын жоюға, блоктауға және рұқсат етуге қатысты параметрлер).
Төменде cookie файлдарын кең тараған браузерлерде басқару туралы қосымша ақпарат берілген:
• Сілтеме: «Google Chrome»
• Сілтеме: «Internet Explorer»
• Сілтеме: «Firefox»
• Сілтеме: «Microsoft Edge»
• Сілтеме: «Apple Safari»
Cookie файлдарын кез келген уақытта өшіріп тастауға болады, бірақ өшіріп тастасаңыз, сайттардың белгілі бөліктерін пайдалана алмай қалуыңыз мүмкін.