Пайдаланушы интерфейсінің түсі
Сан алуан әдіспен түс арқылы
батыл мәлімдеме жасаңыз.
Телефоныңызға жеке көрініс беріп, бұрын-соңды болмаған сезімді сезініңіз. Кіріктірілген алуан түрлі түстерді таңдап, оларды пайдаланушы интерфейсінде (мысалы, хабарлама тақтасында, дыбыс деңгейін басқару элементтерінде) қолданыңыз. Сондай-ақ тұсқағаздағы түсті шығару арқылы да телефоныңызды бірегей жолмен сәндей аласыз.
Монохром белгіше
Жалғыз түс ешқашан жеткілікті емес.
Негізгі экраныңызда біраз шығармашылыққа орын беріңіз. Мысалы, негізгі экран белгішелерінің түсін сүйікті тұсқағазыңызға сәйкес етіп өзгертіңіз. Бір рет түртсеңіз болғаны – негізгі экран мен кейбір сүйікті қолданбаларыңыздың реңктері көз қуантып, үйлесіп шыға келеді.
Кәсіби көріністапқыш жүйесі
Тамаша түсіруге мүмкіндік беретін көріністапқыш.
Фотосуреттің мінсіз көлденең тұрғанын тексеруге арналған деңгей, қолдың дірілінен қорғайтын тұрақтандыру сақинасы және фокустау сақинасы – көріністапқыштағы осылардың бәрімен қалаған нәтижеге қол жеткізесіз.
Әсерлер шебері
Бір жерге жинақталған ғажап әсер.
Динамика, жарықтық, контраст деңгейін, я болмаса экспозицияны өзгерткіңіз келе ме? Бұлардың барлық параметрін көріністапқыштан табасыз: бар болғаны көлденең немесе тігінен сырғыта реттеп, көңіліңізден шығатын әсерге қол жеткізіңіз.
Бейне клиптер
Алаңдататын ештеңе
жоқ. Кәсіпқойдың
жалғыз өзі.
Бейнелердің дыбысын бір-ақ рет түртіп өшіріп, бүкіл назарыңызды кадрларды өңдеуге аудара аласыз. Сондай-ақ дыбыс деңгейін сегмент сайын өзгерту арқылы дәлірек реттеулер жасауға болады.
Жасырын альбом
Кейбір естеліктер тек өзіңізге арналған.
Таңдалған фотосуреттер мен бейнелерді жасыру арқылы құпиялығыңызды барынша қорғаңыз, сонда телефоныңызды біреуге берсеңіз де, астыртын көз салды ма деп алаңдамайсыз.
Қолданба экранын бекіту
Сіздің құпиялығыңыз үшін бір қадам алға жылжыдық
Біреу телефоныңызды ала тұрғанда құпия деректеріңізді қорғау мақсатында екі бекіту деңгейінің бірін таңдауға болады. Қолданба экранын бекіту функциясы таңдалған қолданбаны көріністе сақтайды. Оны өзіңіз босатқанша, тек сол қолданбаны пайдалануға болады. Немесе бір деңгейге көтеріліп, қолданбадағы барлық пайдаланушы әрекеттеріне тыйым салуға болады, сонда тек белгілі бір экран ғана көрінетін болады.
Белсенді қолданба реттеушісі
Мейлінше ашықтық.
Жетілдірілген басқару.
Енді белсенді қолданбаларды оп-оңай басқара аласыз, олардың жұмыс уақытын көру және оларды өшіру үшін бір-ақ рет түрту қажет. Қолданба жұмысы ашық. Қолданбаны басқару қарапайым.
Ауа сапасының индексі бойынша карта
Нақты уақыт режиміндегі ауа сапасын қас қағым сәтте аласыз.
Бір ғана тиянақты бақылау тақтасы арқылы ағымдағы ауа сапасы туралы ақпаратты есіктен шықпай тұрып жылдам тексере аласыз. PM2,5 деңгейлері сияқты толық ақпарат та бар.
Телефонды суыту
Салқын күйде қалу өте оңай.
Бұл мүмкіндік белсенді қолданбалардың санын азайтып, процессор жиілігін интеллектуалды түрде реттеу арқылы қызып кетуге жол бермейді. Көңіліңіз орнында болсын, бәрі де тамаша.
Checking phone temperature
Reducing CPU load
Арнайы мүмкіндіктер
Барынша көп адамға қолжетімді цифрлық арнайы мүмкіндіктер.
Цифрлық әлемнің артықшылықтарын барынша көп адамның пайдалануына мүмкіндік бергіміз келеді. Мұқтаж жандарға жаңа телефондарын өз бетінше баптауға қол ұшын беру үшін арнайы мүмкіндіктер қызметтерін жаңарттық. Бұл мүмкіндіктерге түстерді түзету, түс инверсиясы және анимацияларды алып тастау және т.б. кіреді.
Жауапкершіліктен бас тарту туралы ескерту:
- Бұл беттегі ақпарат (мұның ішіне жүйелік пайдаланушы интерфейсі, фон суреттері, өнім мүмкіндіктері, телефон сызбалары мен кескіндері және т.б.) тек көрнекі материал ретінде берілген. Мүмкіндіктер ОЖ нұсқасына және телефон үлгісіне қарай өзгеруі мүмкін. Нақты өнім басым болады. Қосымша ақпарат алу үшін тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Монохромды белгіше: Әдепкі тақырыптардағы үйлесімді қолданбалар үшін ғана қолдануға болады.