vivo кепілдік туралы нұсқаулық
А. Қайтару, ауыстыру және кепілдік туралы ережелер
Төмендегі ережелер мен мемлекеттік заңдар арасында қайшылықтар немесе сәйкессіздіктер болса, мемлекеттік заңдар басымдыққа ие болады.
Өнімнің сапасына байланысты пайда болған өнімділік ақауларына мына ережелер қолданылады (сатып алғаныңыз туралы жарамды растау құжаты болуы керек):
Негізгі құрылғы мен ұялы телефон батареясына 12 ай кепілдік беріледі. Зарядтау құрылғысына, құлаққапқа және деректер кабеліне 6 ай кепілдік беріледі.
Ақшаны қайтару немесе ауыстыру құқығын пайдалану үшін тапсырыс беруші сатып алу туралы растау құжатын көрсетуі тиіс.
Компаниямыз өнімнің басқа элементтеріне (мысалы, пайдаланушы нұсқаулығы, кепілдік талоны және т.б.) кепілдік бермейді және оларды қабылдауға немесе ауыстыруға міндетті емес.
Ә. Кепілдік бойынша жөндеу туралы нұсқаулық
Кепілдік бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу тек қалыпты пайдалану жағдайында жарамды. Зақым өнім сапасына немесе төмендегі жағдайлардың біреуіне байланысты болмаса, сіз кепілдік бойынша өнімді қайтаруға немесе көрсетілетін қызметке құқылы емессіз. Дегенмен, қосымша ақы төлеп, жөндетуіңізге болады, мысалы:
(a) ауыстыруға немесе жөндеуге берілген кепілдік мерзімі өтіп кетсе;
(ә) сатып алғаныңыз туралы жарамды растау құжаты болмаса (құрылғы кепілдігінің мерзімі өтіп кетпегенін дәлелдей алмасаңыз);
(б) сатып алғаныңызды растайтын ақпарат құрылғыдағы стикерлердегі ақпаратқа сәйкес келмесе немесе өзгертілсе;
(в) зақым пайдаланушы нұсқаулығындағы құрылғыға қызмет немесе техникалық қызмет көрсету нұсқаулығындағы талаптарға сай пайдаланылмағандықтан туындаса;
(г) зақым vivo немесе оның рұқсаты бар қызмет көрсету орталықтарынан басқа тараптар орындаған бөлшектеу салдарынан туындаса;
(ғ) зақым форс-мажор немесе қалыпты тозу (қаптар, пернелер, экран және аксессуарлар) салдарынан пайда болса;
(д) ақаулар, кемшіліктер vivo-ға қатысты болмаса;
(е) түпнұсқа аксессуарлар (зарядтау құрылғысы, USB кабель) пайдаланылмағандықтан, зақымдалған құрылғылар кепілдік бойынша ауыстырылмайды немесе жөнделмейді.
Адам қатесіне байланысты қатты зақымдалған (су кіріп кеткен, құлағаннан зақымдалған) құрылғыларды жөндеу үшін клиент және қызмет көрсету орталығы жөндеу туралы тиісті келісімшартқа отыруы тиіс.
Өнімді vivo желісінің кез келген қызмет көрсету орталығында ауыстыруға немесе жөндетуге болады.
Кепілдік мерзімі кезінде ауыстырылған бөлшектер, құрамдас бөліктер және аксессуарлар vivo компаниясына тиесілі.
Ә. Құрылғыны жөндеуге жіберу және құрылғыны алу
Клиент жөндеу парағын анық жазып, дұрыс толтыруы тиіс. Келесі ақпаратты дұрыс көрсетіңіз: аты-жөніңіз, мекенжайыңыз, телефоныңыздың нөмірі және ақау сипаттамасы.
Құрылғыны жөндеуге жіберер алдында, өнімде сақталған маңызды ақпарат (мысалы, телефон нөмірлері) жоғалып немесе тарап кетпеуі үшін, оның резервтік көшірмесін жасаңыз.
Жөндеуден кейін өнімді алу үшін өнімді табыстау формасының көшірмесін беріп, қызмет көрсету орталығынан жөндеу туралы жазбаны сұраңыз. Жөндеуден кейін өнімді табыстау формасын жоғалтып алсаңыз, қызмет көрсету орталығына хабарлаңыз және төлқұжатыңызды немесе басқа жарамды куәлігіңізді беріңіз. Мұндай жағдайда құрылғыңызды 7 күн ішінде қайтып аласыз.
Чек бойынша төлесеңіз, құрылғыны төлем орындалғаннан кейін ғана ала аласыз.