Басты бет

>

Қолдау

>

vivo-дағы өмір

vivo-дағы өмір

Біз немен айналысамыз?

vivo өмірден ләззат алатын жас адамдарға арналған стильді және динамикалық гаджеттер әзірлейді. Біз мобильдік фотография және Hi-Fi дыбысының ең жоғары сапасын қамтамасыз ететін смартфондарды жасауға баса назар аударамыз. Сондай-ақ vivo компаниясы смартфондармен қатар, оңай интеграцияланатын әртүрлі қолданбалар мен интернет құралдарын әзірлейді. vivo-ның болашақтағы мақсаты – пайдаланушының барлық қажеттілігін қанағаттандыратын мобильдік интернеттің толық экожүйесін жасау.

 

vivo-мен өмір сүр, ойна!

Біз vivo қызметкерлері, өз брендіміздің болашақта сәттілік кепілі болатынына сенеміз. vivo корпорациясы өз қызметкерлерінің инновацияға деген ұмтылысын құптайды және мансабының өсуіне қажетті мүмкіндіктер мен ресурстармен қамтамасыз етеді. vivo бәсекеге қабілетті сыйақылар мен жеңілдіктер ұсынады, сондай-ақ барлық қызметкерлердің жан-жақты оқытудан өтіп, мансабының дамуына жағдай жасайды. Сонымен қатар біз қызметкерлеріміздің білімін үнемі шыңдап, алға ұмтылуын қолдап, инновация мәдениетін көтереміз.