8 мм сәнді
жіңішке дизайн
5000 мАсағ батарея+18
Вт Fast Charge технологиясы
4 ГБ+1 ГБ кеңейтілген жедел жад (RAM)
Дизайн
Армандағыдай жіңішке әрі сәнді смартфон
Бұл жіңішке смартфонның 2,5 D (дюймдік) тегіс жақтаулары бар және оның 8,0 мм жұқа корпусында сыйымдылығы үлкен 5000 мАcағ батарея орнатылған. Осы жеңіл технологияның арқасында смартфонды ұстаған қолайлы әрі ыңғайлы. Смартфонның қарапайым дизайны сізді бейжай қалдырмайды.
- Қалыңдығы (камераны алып тастағанда)
Шамамен 8,0 мм
- Салмағы
Шамамен 182 г
жарқырай бер
Көк металл
Инновациялық күміс жабыны мен перделі жабын біріктіріліп, осы күлгін көк түсті бетті жарық немесе қозғалысқа байланысты түсі өзгеріп отыратын жылтыраған металдай етеді.
Алмас жарқырауы
Бұл инновациялық текстура алып алмаздардың мәңгі жарқылындай әлемді баурап алатындай етіп жасалған.
HD+ көз қорғауы бар экран, нағыз көз мейрамы
6,51 дюймді "in-cell" технологиясы бар HD+ Halo дисплейі сізді анық бөлшектер мен ашық түстерге бөлейді. Фильм қараудан ойын ойнауға дейінгі әр секунд қуаныш сыйлайды. Қосымша көз қорғау режимі көру тәжірибесін жақсарту үшін көк түсті сүзіп, алып тастайды.
- Жақтарының арақатынасы
20:9
- Экран мен корпустың
ара қатынасы89%
- HD анықтамасы
HD+
Бүйірлік саусақ ізі сканері + Бетті анықтау функциясы
Телефонның құлпын ашу үшін саусақ ізі сканері болып табылатын бүйірлік қуат түймесін басу жеткілікті.
Сонымен қатар, керек кезде телефонның құлпын ашу үшін "Бетті тану" функциясын пайдаланыңыз.
5000 мАсағ батарея+18 Вт Fast Charge технологиясы
Ұзаққа шыдайтын 5000 мАсағ батареясы және кез келген уақытта, кез келген жерде көзді ашып жұмғанша, тез зарядтап алуға мүмкіндік беретін 18 Вт Fast Charge технологиясы. Белсенді өміріңізді қолдап, тәулік бойы байланыста болуыңызға көмекетесетін "VEG" атты технологиямыз арқылы батареяңыздың зарядын үнемдеңіз.
Телефоныңызды сыртқы аккумуляторға (power bank) айналдыратын кері зарядтау функциясы бар екендігін ұмытпаңыз.
Өнімділік
Кеңейтілген жедел жад (RAM) 2.0
Y21 моделі күнделікті өміріңізді бірқалыпты және оңай ететін 4 ГБ жедел жадпен жабдықталған. Ал егер бұл жетпесе, кеңейтілген жедел жад (RAM) 2.0 ішкі жадтың бос 1 ГБ орнын пайдалана алады және қолданбалар арасында ауысу процесін бұрынғыдан да тез етеді.
Сақтау орнына келсек, сізде 1 ТБ дейін ұлғайтуға болатын 64 ГБ орын бар. Бұл барлық қолданбаларыңызға, бейнелеріңізге және суреттеріңізге оңай жетеді. Ойын уақыты келгенде, күшті қуат пен қызық тәжірибе сыйлайтын сегіз ядролы процессорға жүгініңіз.
Барлық керемет сәттеріңізге арналған күшті камера жүйесі
AI артқы камера жүйесі
Y21 моделінің AI артқы камера жүйесі "Бет сұлулығын", cүзгілерді және боке әсерін қолдайды. Әр кадр нағыз туынды.
Супер макро камера
4 см дейін жақындататын фокус көмегімен көз алдыңызда жасырылған асыл тастарға толы кішкентай және қызықты әлемге көз салыңыз.
"Бет сұлулығы" функциясы бар алдыңғы камера Әрдайым шынайы портреттер
Портрет режимінде, 8 Мп алдыңғы камерасы "Бет сұлулығы" алгоритмімен керемет селфи жасайды. Сондықтан, суретті кесуден немесе бетіңізді жақындатудан қорықпауыңызға болады. Жарық немесе қараңғы болғанына қарамастан, бетіңіз әрқашан да жарқырап тұрады.
*Pictures are simulated and for demonstration purpose only, please refer to actual use.
Жекелендірілген портрет режимі
Қайда болсаңыз да, портреттеріңізге сүзгі және басқа да "Поза мастері" секілді керемет функцияларды пайдаланыңыз. Әр портретіңіз жеке тұлғалыққа толы шексіз мүмкіндіктерге ие кадрлар жасаңыз.
*Pictures are simulated and for
demonstration purpose only, please
refer to actual use.
Супер HDR
Көмескі жарықта да анық
Көмескі жарықтағы көріністер әрқашан тепе теңдікте. Супер HDR функциясы автоматты түрде жарық аймақтағы түстерді айрықша баса көрсетеді және көлеңкедегі бөлшектерді анық етеді. Осылайша, ақырында әр сантиметрі үйлесімді кескін жасап шығарады.
Funtouch OS 11.1
Multi-Turbo 5.0
vivo Multi-Turbo 5.0 технологиясы деректерді тасымалдау жылдамдығын, жүйе процессорының жылдамдығын және қуат үнемдеуді толықтай жаңа деңгейге көтереді. Төрт компоненттің айналасындағы салқындату шешімі Y21 телефонын қызу шайқас кезінде де салқын түрде ұстайды.
Ультра ойын режимі
Ультра ойын режимі жақында жаңартылған және сізді толығымен ойын атмосферасымен бөлейді. Ойнаңыз, ләззат алыңыз және рахатқа бөлене отырып, жеңіске жетіңіз.
-
4D ойын
дірілі -
Сурет-ішінде-сурет
ойын режимі -
Мазаламау режимі
-
Киберспорт режимі
Жаңа Funtouch OS
Қарапайымдылық пен толық талғампаздық
Funtouch OS 11.1 операциялық жүйесі таза ауа жұтымындай. Оның таза эстетикалық дизайны және сенсорлық барқаруы өте қарапайым және ұқыпты бола тұра, сізге сергітерлік пайдалану тәжірибесін сыйлайды.
EasyShare
EasyShare қызметі мобильді деректерді пайдаланбай, ескі телефоныңыздағы барлық деректерді жаңа телефонға тасымалдауға көмектеседі. Телефон ауыстыру енді оңайдың оңайы. Немесе қызметті достарыңызбен фильм немесе музыкамен бөлісуге пайдаланыңыз. Ақылмен өмір сүр деген осы.
Jovi Home
There’s nothing like smart Jovi to help you stay upbeat and carefree, whether you’re tracking steps, on the move or juggling everyday matters.
The Shortcuts zone provides quick access to space cleanup, calculator, app lock and more.
My Services zone can be customized to include a range of themed information cards including events, your digital and emotional well-being, hydration advice, sports, weather and entertainment.
The Suggestions zone contains smart reminders for daily life, like when it’s time to take a break and weather changes when you need to travel.
iManager, Сіздің мобидьлі қызметшіңіз
iManager - барлық vivo пайдаланушыларына арналған мобильді қызметші. Ол телефон жадын босата алады, қауіпсіздікті жақсарту және басқару құралдарының бай жиынтығы арқылы үнемі сізге ең үздік пайдаланушы тәжірибесін сыйлайды.
Жауапкершіліктен бас тарту:
- Көк жарықты сүзу функциясы жұмыс істеуі үшін көзді қорғау режимін қосу керек.
- Батареяның типтік сыйымдылығы - 5000 мАсағ, ал номиналды сыйымдылығы - 4910 мАсағ.
- Y21 моделі vivo - ның стандартты зарядтағышымен жабдықталған (қуат адаптері 9 В/2 А) және 18 Вт Fast Charge технологиясын қолдайды. Зарядтау туралы деректер vivo зертханаларынан алынған. Нақты зарядтау қуаты ортаға байланысты динамикалық түрде реттеліп отырады және нақты пайдалануға байланысты.
- Кері зарядтау функциясы үшін OTG кабелі қажет, оны бөлек сатып алу керек.
- Нақты жедел жад/ішкі жад операциялық жүйе мен алдын-ала орнатылған қолданбалардың сақталуына байланысты азырақ болады.
- 1 ГБ кеңейтілген жедел жад бағдарламалық жасақтама арқылы жүзеге асады.
- 1 ТБ дейін жад кеңейтілуін қолдайды. Микро SD картасын бөлек сатып алу керек.
- Салқындату жүйесінің төрт аспектілері:
салқындатқыш графит пластинасы, жылу өткізгіштігі жоғары мыс фольга, жылу өткізгіш гель, жылу бөлуді ақылды түрде басқаратын ""Cooling Turbo"" жүйесі. - 4D ойын дірілі режимін тек PUBG ойынында пайдалануға болады.
- EasyShare құқықтары қорғалған немесе шифрланған деректерді тасымалдауды қолдамайды.
- Нақты өлшемдер мен салмағы процестердің, өлшеу әдістерінің және материалдарды жеткізудің айырмашылығына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
- Толық тіктөртбұрыштың диагоналі бойынша экранның өлшемі 6,51 дюймді құрайды. Нақты дисплей аумағы сәл кішірек.
- Өнімнің суреттері мен функциялары тек сілтеме ретінде көрсетілген. Диплейдің бетінде көрсетілген кескіндер симуляцияланған және тек демонстрациялық мақсатта көрсетілген. Нақта өнімге жүгініңіз.
- Барлық деректер біздің техникалық дизайнымыздың параметрлеріне, зертханалық сынақ нәтижелеріне және жеткізушінің сынақ деректеріне негізделген. Нақты өнімділік бағдарламалық жасақтама нұсқасына, нақты сынақ ортасына және телефон моделіне байланысты өзгешеленуі мүмкін. Осы бетте көрсетілген салыстырулар тек vivo өнімдеріне ғана қатысты.
- Сипаттамалар, параметрлер немесе өнімнің бөлшектері жеткізушінің өзгеруіне немесе өндіріс партияларының әртүрлілігіне байланысты өзгеруі мүмкін болғандықтан, vivo компаниясы осы беттегі ақпаратты алдын ала ескертусіз жаңарта алады. Пайдаланар алдында осы бетті мұқият оқыңыз.
- Пиксель мәні камера режимдеріне байланысты және нақты пайдалану кезінде өзгеріп отыруы мүмкін.
- ZEISS, the ZEISS Logo and Vario-Tessar are registered trademarks of Carl ZEISS AG.
- ZEISS, the ZEISS Logo and Vario-Tessar are registered trademarks of Carl ZEISS AG.